Тараздағы бүлікке қатысты ұсталғандардың саны 400-ге жетті
Әскери операция әлі де жалғасып жатыр. Оқиға кезінде 6 мемлекеттік және 4 бизнес нысанына зақым келген. Қазір қалыпқа келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Оған 6 мердігер компания, 370-ке жуық жұмысшы жұмылдырылды. Облыс әкімінің айтуынша, қираған ғимараттар 2 айдың көлемінде қалыпқа келтіріледі.
Бердібек Сапарбаев, Жамбыл облысының әкімі:
- Қалпына келтіру жұмыстарының жүріп жатқанына 4 күн болды. Қазіргі таңда 370-ке жуық жұмысшы, 30-ға жуық техника тартылған. Құрылысшылар жұмысты өз қаржыларымен бастап кетті. Біздің болжам бойынша, барлық зақымданған ғимаратты екі айдың ішінде толығымен қалыпқа келтіреміз.