Алматы облысында коронавирус белең алды
Бұл – жыл басынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Өткен аптадағы сараптама нәтижесіне сәйкес сырқаттанғандар Алакөл, Қарасай, Райымбек, Көксу, Сарқан аудандары мен Қапшағай қаласында көбейген. Індет жұқтырғандардың 39% – елуді еңсерген егде азаматтар. Ал 9% – балалар мен жасөспірімдер. Қалғаны орта жастағы тұрғындар. Эпидемиологиялық жағдай күрделене түскенімен өңір «жасыл» аймақта қалып отыр.
Әлия Шағиахмет, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы:
-Өткен жылдың 28 желтоқсаны мен 10 қаңтарына дейінгі аралықпен салыстырғанда сырқаттанушылық 27% өсті. Бұл жаңажылдық мерекелерге және облыс тұрғындарының санитарлық дәрігер ұсынған шектеу шараларын сақтамауына байланысты орын алды.