Бүліктен зардап шеккендердің кредит бойынша қарызын төлеу 3 айға шегеріледі
Бұл мәселе бойынша елдің қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бірыңғай ереже қабылдады. Қарыздар мен микрокредиттер бойынша кейінге шегеру кезеңінде барлық қаржы ұйымдары тұрақсыздық айыбының, айыппұлдың, өсімпұлдың сомасын есептемейді. Сондай-ақ қарыз алушының кредиттік тарихына нұқсан келмейді. Кейінге шегерілген қарызды қайтарудың екі жолы бар. Яғни несие мерзімін ұзартуға болады немесе төлем сомасына теңдей бөліп төлеуге мүмкіндік беріледі.
Ернар Оразбаев, ҚР ҚНРДА департамент директорының орынбасары:
- Кейінге қалдыруды азаматтар алуы үшін өтінішті барлық байланыс құралы арқылы немесе сол қаржы ұйымдарының бөлімшелеріне барып тапсыруларына болады. Өтініштің нысаны еркін. Әрине, кейбір зардап шеккен кәсіпкерлерге өтке үлкен нұқсан келтірген болса, оларға үш ай аз болуы мүмкін. Сол үшін үш айдан басқа көбірек уақыт керек болса, онда қаржы ұйымдарымен басқа да дербес ұзағырақ шарт қарастырылуы мүмкін.