Негізгі азық-түлік өнімдерінің шекті бағасы қай кезде енгізілетіні айтылды
Комитет төрағасының айтуынша, «шекті мәнді бағалар», «шекті бағалар» сияқты ұғымдар жаңа ұғымдар емес, оларды әрдайым жергілікті атқарушы органдар анықтайды. Шекті бағалар желтоқсан айында елдің барлық өңірлерінде бекітілді.
2021 жылы желтоқсанда әкімдіктер сол кездегі қолданыстағы Есептеу әдістемесі бойынша ағымдағы жылға арналған шекті баға көрсеткіштерін айқындады. Онда шекті мәндерді есептеу соңғы 3 жылдағы бағалардың орташа арифметикалық индексін ескерді, бұл қосымша (азық-түлік емес) инфляцияны шекті мәндерге енгізуді білдіреді.
Өз кезегінде шекті бағалар нарықтық бағалар шекті мәндерден 15%-тен асқаннан кейін енгізілді. Нәтижесінде іс жүзінде шекті бағалар баға индексі шамамен 40% көтерілгеннен кейін енгізілді. Бұл тәсіл бағаны ұстап тұру үшін жедел шаралар қабылдауға мүмкіндік бермеді. Осыған байланысты министрлік шекті мәнді және шекті бағаларды бекітудің жаңа тәсілдерін әзірледі.
«Егер біз бағаның шекті деңгейге жеткенін көретін болсақ, онда бізде бағаның өсуін тежеу бойынша құралдарды жедел қолдану мүмкіндігі бар, бұл тұрақтандыру қорларындағы интервенциялар да, айналым схемасын ұлғайту да, шекті бағаларды белгілеу де жоққа шығарылмайды», – деп атап өтті Ержан Қазанбаев.