ДСМ: айыппұл туралы ақпарат жалған
- Категория: Қоғам

«Қызыл» мәртебесі бар қазақстандықтар банк картасымен не QR коды арқылы төлем жасаса, 92 мың теңге айыппұл арқалайды.
Whats App мессенджерінде қаулап жүрген бұл ақпарат көпшілікті алаңдатып қойды. Алайда Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жазбаның жалған екенін мәлімдеді. Себебі айыппұл өзін өзі оқшаулау режимін бұзғандарға ғана салынады. Оны Ashyq жүйесін сканерлегенде ғана анықтауға болады.