OLIMPBET компаниясы «Жаңажылдық драйв» акциясының соңғы ұтыс ойынын өткізді
«Хабар» телеарнасының түсірілім тобы бас жүлдегер – жол талғамайтын көліктің иегерімен сұхбаттасып үлгерді. Естеріңізге салайық, ұтыс ойыны қаңтардың соңында өткізілген болатын.
Алматылық Біржан Метжановтың асығы алшысынан түсіп, ойда-жоқта ойыннан жеңіп шықты. OLIMPBET компаниясы ұйымдастырған «Жаңажылдық драйв» акциясына қатысамын деп шешім қабылдағанда ұтамын деген ниеті ғана болмаса, ойы болмаған. Сәті түсейін десе, кедергі жоқ. Ұтыс ойынына 200 мың адам қатысқан. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар, осыншама адамның ішінен бас жүлдені жеңіп алғанына Біржан әлі де сене алар емес. Жолы болған жігіт су жаңа темір тұлпар мінді.
Біржан Метжанов, «Жаңажылдық драйв» акциясының жеңімпазы:
- Мен сайттарды ақтарып отырып, геленваген ұтысқа салынатынын көріп қалдым. Несі бар, мен де қатысып, бағымды сынап көрейін деп ойладым. Үміт оты болды, бірақ расында да жеңемін деп ойламайсың ғой. Эмоцияға қатты берілгенім рас, себебі мұндай ұтыс ойындарына, шынымды айтсам, өзім сенбейтінмін. Жүлдені алдын ала келісілген адамдарға береді деп ойлайтынмын.
Біржан Метжанов өзіне қуаныш сыйлаған билетті әрі бері қарап, сандардың бір ғажайып секілді болып көрінгенін айтады. Себебі оның туған күнімен сәйкес келетін цифрлар шықса керек.
Біржан Метжанов, «Жаңажылдық драйв» акциясының жеңімпазы:
– Сандар комбинациясына қарап отырып, ойға қалдым. Ол 7 ден басталады. Кейін 8 бен 3 сандары көрсетілген. Қайран қалдым, ал мен 1983 жылы туғанмын. Яғни 03, 08, 83 деген сандар әртүрлі вариацияда қайталанады. Ал енді жеті санын бәрі қасиетті, сәттілік сыйлайтын сан деп есептейді ғой.
«Жаңажылдық драйв» акциясы – OLIMPBET компаниясы ұйымдастырған ең көлемді жоба. Ұтыс ойынын өткізушілер алдағы уақытта ойыншыларға бұдан да ерек түрлі конкурс ұсынатынын айтып отыр.
Авторлары: Индира Жылқайдарова, Әбен Нарынбаев