«Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасы – ұлт болашағына салынған инвестиция
Олардың пайымынша, мемлекет басшысының дәстүрлі үндеуінде жұрт көкейінде жүрген әлеуметтік мәселелерге ерекше көңіл бөлінді.
Аймұханбет Бейсембеков, сазгер:
-Бай елдерде әсіресе араб елдерінде бар тәжірибе. Олар әрбір азаматына мұнайдан, газдан түскен байлықты жыл сайын беріп отырады. Өте қуаныштымыз. Қазақстанда 19-ақ миллион халық бар. Сол қордан тұтас халыққа да берілсе елде кедейшілік жойылар еді.
Нәзигүл Ғазизова, заңгер:
-Көп жағдайда емханаларда бір-екі талдау тегін де, қалғаны ақылы болып шығады. Халық біз неге сақтандыруды төлеп жатырмыз деп ренжиді. Осы саладағы олқылықты Президент жақсы айтты. Біздің мемлекетіміз осы саланы жақсы меңгерген өркениетті елдердің тәжірибесін негізге алған деп ой түйіндедім.