Хабар телеарнасы

Атырауда қамыс өрті өршіп барады

Теңіз жағасы батпақты болғандықтан, өрт сөндіру техникалары жете алмаған. Сондықтан тілсіз жауды ауыздықтауға бүгін МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды. Аумағы 400 шаршы метр болатын бір өрт ошағы сөндірілген. Ең бастысы, елді мекендерге қауіп жоқ. Бірақ көк түтін аспанды торлап, иісі қолқаны қабады. Ал өртенген қамыс қалдықтары теңіз бен жағалауды жауып қалған. Жауаптылардың сөзінше, өрт «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағына жетпеген. 

Жасұлан Ақтаев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
-Өрт ошағына жету жолдарын іздестіру кезінде батпаққа батып қалған «TREKOL» автокөлігі толық жанып кетті. Зардап шеккендер жоқ. Сондай-ақ елді мекендерге де қауіп төніп тұрған жоқ. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде штаб құрылды. Өрт сөндіру жұмыстары жалғасады.