«Ұлы дала жорығы» атты тұңғыш республикалық бәйге-додасы өз мәресіне жетті
Он екі күнге созылған жарыста киелі шаһарға бірінші болып жеткен Маңғыстау облысының командасы «Ұлы дала сарбазы» атағымен марапатталады. Жүлделі екінші орынды Жетісу өңірінің шабандоздары қанжығаласа, үшінші орынды Түркістан облысының командасы иеленді. Жеңімпаздарға қаржылай сыйақы табысталды.
Асхат Оралов, «Amanat» партиясының Атқарушы хатшысы:
- Аманат партиясы ұлттық құндылықтарды қашан да жоғары қояды. Ұлтымыздың ұйытқысы болған руханиятымызды, мәдениетімізді, діліміз бен тілімізді сақтап, оны болашаққа аманатта біздің биік мақсаттарымыздың бірегейі. Аманат партиясы ұлт руханиятына серпіліс беріп, Отаншылдыққа бастайтын, халықты біріктіретін бастамаларды қолдауға дайын.