Жамбыл облысында ҰҚШҰ оқу-жаттығулары салтанатты түрде ашылды
Бұл оқу-жаттығудың алдын ала жоспарланғанын айта кеткен жөн. Жиынның ашылуына ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы генерал-полковник Анатолий Сидоров та қатысты. Ұжымдық күштер ұрыстық және тылдық тапсырмаларды бірлесе отырып шешеді. Атап айтсақ, жауынгерлерге дер кезінде оқ—дәрі, жанар-жағармай, азық-түлікпен, киім-кешек жеткізу бойынша жан-жақты дайындықтар жүргізілсе, қарсыластың әуе күштеріне, барлауына, радиоэлектронды күресіне, құрлық әскеріне қарсы соққы беру тәсілдері де қарастырылады. Жамбыл облысында басталған оқу-жаттығуға 6 мыңнан астам адам мен 800-ден аса әскери және арнайы техника жұмылдырылған.
Ерлан Төлебеков, 44859 әскери бөлімі батальон командирінің орынбасары:
- Әрине, алмасып ортырған тәжірибелер өте көп. Қазіргі оқу-жаттығуымызда бізден келіп жатқан қонақтарымыз көп тәжірибе алуда. Оларға түсіндіру арқылы практикалық түрде көрсету арқылы сабақтар өткізіп жатырмыз, көрсетіп жатырмыз. Үлкен тәжірибе алмасудамыз.