Елордалық кәсіпкерлер: Мүлік иелерінің бірлестігі қызметін заңмен реттеу керек
Тіпті жиналыстарға қатыстырмай, қызметтері үшін жоғары тарифтер белгілеген. Кәсіпкерлер палатасы да пәтер иелерінің кооперативінен мүлік иелері бірлестіктеріне көшкелі дау-дамайлардың көбейгенін растап отыр. Тек бір күннің өзінде 9 кәсіпкерден МИБ қызметіне қатысты шағым түскен.
Оксана Филипова, кәсіпкер:
-Пәтер иелері кооперативі басқарған кезде қызметі үшін ай сайын тек 13 мың теңге төлейтін едік. Ал бақсару МИБ-ке көшкелі төлемақыларымыз 300% өсті. Қазір біз 40 мың теңге төлейміз. Олар бар үйдің шығының 40% кәсіпкер болғанымыз үшін мына біздің мойнымызға іліп отыр. Тіпті кіреберісті де қоршауға ниетті. Ал бұл бизнеске кедергі болады деп ойлап жатқан ешкім жоқ.