Қостанай облысында құзырлы орындар өртенген орманды қалпына келтіруді қолға алды
Әуелі Аманқарағай ауылын басып өтетін халықаралық тас жолдың бойындағы өртенген ағаштар оталып, орнына 50 мың көшет егіледі. Қазір облыста шыбық өсіретін жалпы аумағы 326 гектар болатын 10 тәлімбақ бар. Мамандар: «Жылыжайларды көбейту керек», — дейді. Естеріңізге сала кетейік, биыл қыркүйектегі алапат өрт 43 мың гектар орман алқабын күлге айналдырды.
Димаш Қожабеков, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары:
-Демеушілердің көмегімен Озерный ауылының жанынан жас көшеттер өсіретін жабық тәлімбақ салу жоспарда бар. Аумағы 23,6 гектар. Сонымен қатар Басаман орман шаруашылығының базасында жылыжай салу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл аумақтар қажетті инфрақұрылыммен қамтылған. Егер жоба мақұлданса қосымша қаржыландыру қажет болады.