Ақтөбе облысындағы жұмыс берушілердің қарызы 80 млн теңгеден асқан
Бұл туралы облыстық еңбек инспекция басқармасының мамандары мәлімдеді. Олардың айтуынша, құрылыс пен тау-кен өндірісі, медицина және білім беру саласында қызмет көрсететін компаниялардың берешегі бар. Жұмысшылар жалақысының дер кезінде төленбеуін өндіріс көлемінің күрт төмендеп, кірістің азаюымен байланыстырады. Еңбек инспекторлары араласқан соң, 12 компания тиісті төлем жасаған.
Талғат Искарин, облыстық еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары:
- Мысалы, мына «КТП - Транс» деген бар. 5 млн жуықтай. Ақтөбе сәулетте 52 млн жалақыны өндіріп бердік. Полиграфия деген бар. Онда 1,8 млн аударым жасап, өндіріп бердік. Оның ішінде нөмірі бірінші қалалық ауруханаға 4 млн астам ақша өндіріп бердік.