Елімізде майнерлерге салық салынатын болады
Жұмыс тобының жетекшісі Екатерина Смышляеваның айтуынша, мақсаты — цифрлық активтерді өндіру мен айналым саласы үшін заңнамалық негіз құру. Бұған дейін майнингтік қызметті бұлттық сервистерде негізінен шетел азаматтары жүзеге асырып келді. Заң жобасына сай, майнерлер лицензия алуға міндеттеледі. Яғни заңды тұлға ретінде салық төлеуі тиіс. Оның ішінде лицензия үшін төлем, корпоративтік табыс салығы, криптовалюталардағы айырбастау ақысы сияқты бірнеше көрсеткіш бар.
Екатерина Смышляева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Салық бойынша айтар болсам, бір кВт цифрлық майнинг үшін төлем жылына шамамен 8 миллиард деп күтілуде. Бұл таза киловат үшін шартты түрде алғанда. Ставкалар өссе, сәйкесінше сомалар да өседі. Криптовалюталарға келетін болсақ, бейресми мәліметтерге сәйкес, бізде миллионнан астам адам осымен айналысады. Мұндай жағдайда оларға жылына орта есеппен 4-5 миллиард салық салынады деп болжануда.