Павлодар қаласында бірнеше баспана заңсыз бой көтерген
Ал қала ортасында рұқсатсыз салынып жатқан 15 қабатты үйдің құрылысына тұрғындар қарсы болғанмен, жергілікті билік рұқсатын берген. Сәулетшілердің айтуынша, жағдай ушықпау үшін құрылыс қаланың тек бас жоспары шеңберінде жүргізілуі шарт.
Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:
-Павлодарда баспана құрылысы саласында проблема көп. Салдарынан тұрғын үй нарығына кері әсерін тигізіп отыр. Әкімдік, құрылыс компаниясы, тұтынушылар және нарықтың өзге де қатысушылары облыс орталығының даму жоспарына сай жұмыс істеу керек. Жағдай өзгермесе, жауаптыларға қатысты шара қолданамыз.