Хабар телеарнасы

Қазақстан-Германия тауар айналымы артып келеді

Екі ел арасындағы тауар айналымы да 6% ұлғайып, 2,2 млрд долларды құрады. Биыл да бұл көрсеткіштер өсіп келеді. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Германияның Сыртқы істер министрі Анналена Бербокпен кездесу кезінде айтты. Тараптар өзара тауар айналымын кеңейту, жаңартылатын энергия көздері мен инвестициялық әріптестік мәселелерін талқылады. Сонымен қатар Үкімет басшысы неміс тарабының Астанада Сутегі дипломатиясы кеңсесін ашу бастамасының маңызын атап өтті. Келіссөз қорытындысы бойынша екі ел ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендерін білдірді.