Қарағанды облысындағы шахталардың қауіпсіздігі қайта қаралады
Соның нәтижесі бойынша еңбек қауіпсіздігі талаптары қайта қаралмақ. Бұл туралы «Арселор Миттал» компаниясының атқарушы вице-президенті Виджай Гоял мәлімдеді. Айтуларынша, соңғы бір жылда өндірісті жаңғырту мен қауіпсіздікті нығайтуға 1 млрд доллар көлемінде инвестиция құйылған. Сол ақшаға 20 бұрғылау қондырғысын алмақшы. Оның бесеуі бүгінде Қарағандыға жеткізілген. Сондай-ақ 25 комбайнға тапсырыс беріліпті. Барлық құрал-жабдықтар 2023 жылдың 1 тоқсанына дейін түгел орнатылады деп уәде берді компания жетекшілері. Қазір Ленин шахтасының жұмысы уақытша тоқтатылған. Үкіметтік комиссия апаттың себеп-салдарын анықтап жатыр. Ал зардап шеккен әр отбасыға қажетті көмек көрсетіледі.
Сағадат Қуаныш, компанияның еңбек қатынастары бойынша директоры:
-10 жылдық жалақысы беріледі марқұмдардың. Олардың отбасыларына пәтер сатып алынады, 18 квардрат отбасының бір мүшесіне арнайы санақ бойынша. Оның сыртында балаларына 23 жасқа толғанша бірінші жоғарғы оқу орнын біз өз мойнымызға аламыз. Зардап шеккендерге өзіміздің ішкі бұйрыққа байланысты 100% жалақысын сақтаймыз,өз қалпына келгенге дейін. Оның сыртында бүкіл ем-шара біздің мойнымызда.