СҚО-да жүзден астам дәрігер жетіспейді
Жергілікті билік қалаға жұмысқа келгендерге 2,5 млн, ал ауылға барғандарға 3,5 млн теңгеге дейін көтермеақы төлеуге дайын. Мұнымен қоса мамандар баспанамен қамтылады. Әлеуметтік қолдау тағы бар. Осындай мүмкіндіктің арқасында тек биылдың өзінде аймаққа 185 дәрігер келген. Енді олар келісімшарт бойынша бес жыл өңірде еңбек етулері шарт. Сонымен қатар резидентурада оқимын деген мамандардың оқу ақысы да төленеді. Бүгінде облысқа педиатр, анестезиолог, гемотолог сынды мамандар қажет.