Мемлекеттік қызметтер 90% онлайн көрсетіледі
Қазірдің өзінде Қазақстан электрондық үкімет бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының рейтінгінде онлайн қызмет көрсетуден 8–орында тұр. Бұл туралы Стратегиялық бастамалар форумында Бағдат Мусин айтты. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің сөзінше, әсіресе, денсаулық сақтау саласын цифрландыруға ерекше көңіл бөлінетін болады.
Бағдат Мусин, ҚР Инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:
-Әр жеке тұлғаның деректерін талдау арқылы біз оған икемді сервистерді проактивті негізде ұсынатын боламыз. Мысалы, қазір бала дүниеге келсе, ата-анасын «Электрондық үкіметте» түрлі құжаттарды толтыруға мәжбүрлемей-ақ, тек құттықтап, «Балаға қандай есім қойдыңыз?» деген хабарлама жібереміз. Осының негізінде электронды туу туралы куәлік дайын болады. Яғни қағаз нұсқасын рәсімдеу міндетті емес.