ШҚО-да жайылымдық жердің 1 млн 800 мың гектары мақсатсыз пайдаланылған
Мәселен, 5 мыңға жуық жер иесінде бірде-бір мал болмай шықты. 2,5 миллион гектар жайылымдық жердің 1 млн 800 мың гектары мақсатсыз пайдаланылған. Бұған қоса, 260 жер учаскесі мүлдем қараусыз жатыр. Иелері өмірден өтіп кетсе де, жер телімдері есептен шығарылмаған. Тіпті, шет елдік азаматтарға берілген учаскелер бар. Ал, шаруалар жайылымға жарымай отыр.
Арыстан Асқар, ШҚО жемқорлыққа қарсы қызмет превенция басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
-Заңға қайшы болса да жайылым үшін деп берілген жерлер өте көп. Біз соған көз жұма қарап рұқсат берген мекемелердің барлығына жайылымдарды қайтару туралы ұсыным хат жолдадық. Сонымен қатар жерді пайдалану мерзімі бітіп қалса да оны қайтармай не мерзімін созбай отырғандар бар. Оларға қатысты нақты істер жүргізіледі.