Хабар телеарнасы

Өскемендіктер құрылыс компаниядан 308 млн теңге өндіріп алды

Көпқабатты үй 2019 жылы қолданысқа берілген. Көп ұзамай қабырғасы сөгіле бастаған. Ал сыммен бекітілген пластик құбырлары салбырап қалған. Сол кезде сапасыз құрылысқа кінәлі мердігерді жауапқа тарту мүмкін болмады. Себебі ол лицензиясынан айырылып, өзін банкрот деп жариялаған. Қазір үй «Қазақстандық тұрғын үй компаниясының» құзыретінде. Қалалық сот жауапсыз мердігердің кемшіліктерін жоюды компанияның өзіне міндеттеді. Қажетті сома мүлік иелері бірлестігінің арнайы шотына аударылған. 

Марат Әбдірахманов, «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ Директорының орынбасары:
-Қазір жұмыстар аяқталуға жақын. Қатты аяз болғанша бәрін соңына жеткізіп үлгеруіміз тиіс. Ал қалғанын келер жылға дейін қалдыруға болады.