Атырау облысындағы ұрлық әшкере болды
Индер ауданының құрылыс бөлімі мен «Байсын-А» компаниясы арасында Аққала ауылында жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асатын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізуге шарт жасалған. Тапсырыс беруші қазан және маусым айларында орындалған жұмыс актілеріне қол қойған. Жұмысшылардың еңбек ақысы да төленген. Алайда іс жүзінде жұмыс сапасыз жасалғаны анықталды. Енді мемлекетке келген шығын мердігер мекемеден өндіріледі.
Жәнібек Қаражанов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басқарма басшысы
- Департаментпен осы нысанға тексеру жүргізу барысында аталған инфрақұрылым жүйесі толықтай орындалмағаны анықталды. Қазіргі уақытта 43 млн теңгені бюджетке кері қайтару жөнінде Атырау облыстық әкімдігіне ұсыныс берілді. Осы ұсыныстың шеңберінде кінәлі тұлғалардан кері қайтарылатын болады.