Өнеркәсіптік саясатқа шындап кірісу керек — сарапшы
Астанадағы халықаралық экономикалық конференцияға жиналған сарапшылардың пікірі осындай. Біздің қазіргі жеткен межеміз 3-3,5% шамасында. Сондықтан жаңа экономикалық саясат құру қажеттігі туындап отыр. Бұл жерде нені ескеруіміз, кімді үлгі тұтуымыз қажет. Осы мақсатпен жиын барысында әлемдегі соңғы экономикалық зерттеулер талқыланды.
Қуат Акижанов, ҚСЗИ бөлім меңгерушісі:
-Экономиканың кей салалары жақсы табыс береді. Бірақ экологиялық проблема туындатуда. Мұндай әдіс бізге жарамайды. Ақырындап өнеркәсіптік саясатқа шындап кірісу керек. Бұл экономиканы әртараптандыруға әкеледі. Тайван, Азияның басқа да елдері осылай жасаған. Енді Қазақстандық үлгіні жасау қажет болып тұр.