Семейде жылу орталығы қашан салынады?
Қалада заман талабына сай жылу электр орталығы жоқ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына жұмыс сапары барысында жырға айналған мәселені шешу қажеттігін айтып, Үкімет пен жергілікті әкімдікке тапсырма берді. Мемлекет басшысының пәрменінен кейін бірден сең қозғалды. Елордадан «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының өкілдері барып, жылу орталығы салынатын орынды көрді. Қазір жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр. Жаңа жылу электр орталығы шамамен 5 жылдан кейін салынуы мүмкін. Айта кетейік, Семейдегі жылу жүйелері мен 22 қазандық 60% тозған.
Нұрлан Ұранхаев, облыс әкімі:
-Алдағы уақытта бірлескен жұмыстар жүргізіледі. «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы жылу орталығының техникалық экономикалық негіздемені қайта жасайтын болады. Ол дайын болғаннан кейін жобалық-сметалық құжат әзірленеді. Одан кейін 1-1,5 жылда құрылысы басталады деген сенімдеміз.