Арқалықтағы жылу орталығын жөндеу жұмыстарына қазынадан қаржы бөлінбейді
Қала әкімінің орынбасары Ерлан Райысов осылай дейді. Кеше нысандағы дүмпуден қазандықтың қаптамасы қирап қалған. Апат салдарын жоюға шамамен 1,5 млн теңге қажет. Жөндеу жұмыстары 15 күнге созылуы мүмкін. Қазір апаттың себеп-салдары анықталып жатыр. Ал орталықтағы үш қазандық қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Жылу орталығы былтыр ғана ауқымды жөндеуден өтіп, қолданысқа берілген еді. Оның құрылысына республикалық бюджеттен 7,5 млрд теңге бөлінді.
Ерлан Райысов, Арқалық қаласы әкімінің орынбасары
- Қазіргі кезде бір бу мен ыстық су қазандығы істеп тұр. Бұл болған оқиғаның қалаға жылу беретін ешқандай әсері тимейді. Адам ешкім ешқандай жарақат алған жоқ.