Хабар телеарнасы

Абай облысында 100 балаға жаңа мектеп ашылды

Екіқабатты ғимаратта қазір 69 оқушы білім алып жатыр. Бұған дейін балалар апатты, ескі нысанда оқыған еді. Онда спорт залы да болмаған. Жаңа мектепте оқушылардың спортпен, робот техникасымен айналысуына барлық мүмкіндік жасалған. 

Жансая Сапарғалина, ауыл тұрғыны: 
- Бұрын мектебіміз апатты болғандықтан балалармызды жібергенге қорқатын едік. Жаңа мектеп салынып, қуанып жатырмыз.

Гүлмира Марқанова, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: 
- Қазір жаңа мектепте, жаңа ғимаратта жаңа көңіл күймен жүр. Шығармашылықпен, спортпен айналысуға барлық мүмкіндік жасалған.