«Дос-Мұқасан» ансамблінің гитарасы бәссаудаға қойылды
Жарты ғасырлық тарихы бар гитара мен топтың алғашқы хиттері жазылған бірегей күйтабақты ол 13 Қысқы қайырымдылық балының аукционына табыстады. Одан түскен қаржы сал ауруына шалдыққан балалардың еміне, білім алуына, ғылыммен айналысуына сеп болады. Биылғы Қысқы қайырымдылық балы елордада 8 желтоқсанда өтеді.
Досым Сүлеев, «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушы:
- 70-ші жылдары өзіміз жұмыс істеп, ақша тауып, қосылып осы гитараны алғанбыз. Осы гитарамен ән жазып, оранжировка жасап, үлкен сахнаға шығаратынбыз. Сол гитарамыз қазір міне, қорға соны тапсырып отырмын.