Екібастұзда 25 көпқабатты және 90 жекеменшік үй жылудан ажыратылды
Бұған дейін 17 көпқабатты үй мен 5 әлеуметтік нысанда жылу болмағанын хабарлаған едік. Волонтерлар үйлерінде тоңып отырған азаматтарға жылыту құралдарын таратып жүр. Бүкіл қаланың жылусыз қалдырған құбырдағы ақау шыққан жер кеше анықталған еді. Бірақ күрделі инженерлік торапты алмастыру оңай болмай тұр. Сондықтан Екібастұзға еліміздің өзге қалаларынан 25 бригада көмекке келді. Қазір негізгі жұмыстар екі жерде жүріп жатыр. Ең күрделісі орталық жылу пункті болғандықтан негізгі күш осында жұмылдырылды.
Олег Крук, облыс әкімінің орынбасары:
-28 қарашада 17 көпқабатты үй, екі әлеуметтік және бір әкімшілік нысанның жылу беру жүйесінен ақау табылды. Олардың саны тағы 25-ке артты. Жылу құбырларындағы апатты жоюға бригадалар жасақталған. Олар қазір ғимараттарды тексеріп, жылу торабтарын жылытумен айналысып жатыр.