Семейдегі жылу мәселесін шешу үшін тариф қайта қаралады
Комиссия Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған. Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары шаһардағы №1 жылу орталығы мен екі қазандықтың жұмысымен танысты. Қаладағы жылу желілерінің 63% ескірген. Осы орайда үш қазандықты жаңғырту мақсатында жобалық-сметалық құжат әзірленіп жатыр. Жалпы өңірдің жылу жүйелерін толық жаңарту үшін 149 млрд теңге қажет.
Тимур Сүлейменов, Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары:
-Жағдай нашар емес. Бірақ тағы да инвестиция керек. Модернизация өте қажет. Себебі қала әрі қарай дамиды. Сондықтан орталықтан көмек береміз.