Ақтөбеде урбанистер форумы өтті
Ол үшін 3 шақырымға жуық жағалау абаттандырылады. Мұны өңір басшысы айтты. Ералы Тоғжанов: «Қаланы гүлдендіруге ірілі-ұсақты кәсіпорын да үлес қосады», — дейді. Бұл мақсатта 5 жоба қолға алынған. Урбанисттер форумында Ақтөбенің дамуы талқыланды.
Ақтөбе шаһарын екіге жарып өтетін теміржол бойы қазір қараусыз. Қауіпсіздік шаралары ескеріліп, заманауи ғимараттар мен өзге де қаланың сәнін келтірер нысандар жырақта болғандықтан, бұл аудандар ұмыт қалғандай болатын. Дегенмен өңір басшылығы бұл маңды қолға алуды көздейді. 41-ші және Жіңішке разъезд байланыстыратын «Ақтөбе-экспресс» жедел пойызы қолданысқа беріліп, 11 аялдама бекітіледі. Жол бойы толықтай аббаттандырылуы тиіс.
Ералы Тоғжанов, Ақтөбе облысының әкімі:
- Уақыттың талабы өзгеріп жатыр. Сол талапқа сәйкес қала да өзгеруі керек. Негізгі мақсат біреу ғана. Қала тұрғындарының қаладағы бүкіл жасалатын қызметтерді барлығы халыққа ыңғайлы болуы керек. Екіншіден қауіпсіз болуы керек.
Бұл бағытта қазір 5 жоба қолға алынған. Қоғамдық көліктен бөлек экологиялық ахуал да назарда. Мәселен, Ақтөбе ферроқорытпа зауытына 2025 жылға дейін ауаға таралатын улы түтінді 99% дейін залалсыздандыру міндетті жүктелді. Ал қала көшелерін заманауи үлгіде абаттандыруға танымал урбанист мамандар тартылды.
Самғат Ермекбаев, Қазақстанның урбанистер қауымдастығы бақылау кеңесі басқарма төрағасының орынбасары:
-Әлия Молдағұлова көшесінің жанында Мәңгілік ел мен Тәуелсіздік көшелерінің ортасында біз 3 гектар жерді біз қазір реновациядан өткізіп жатырмыз. Яғни бұрындағы бар дүние. Жаңа тенденцияларды соның ішінде көрсетіп, экологиялық таза материалдармен іске асыру жұмыстарын жалғастырып жатырмыз.
Жаңа жобалар алқалы жиында кеңінен талқыланды. Олардың бірқатары алдағы құрылыс маусымында-ақ жүзеге асуы тиіс. Мәселен, Елек өзенінің 3 шақырым жағалауы демалыс орнына айналады. Жаңа бастама көпшіліктің көңілінен шығары хақ. Шаһардағы халық саны соңғы 5 жылда 20% артқан.
Авторлары: Мансұр Есқожин, Айнадин Молдабеков, Айбек Даутов