Ақтөбелік еріктілер Елек өзенінің жағалауын қоқыстан тазартты
Қаланың ортасынан өтетін өзеннің бойын абаттандыруға пробациялық бақылаудағы жастар да атсалысты. Су тасқыны кезінде жағалау ластанып, қоқыс жиналып қалған еді.
Еркебұлан Мұхтарұлы, қалалық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы:
-Біздер жастарды қоғамды таза ұстауға және де алдағы уақытта өзіміздің қаламызды ластамауға шақырамыз. Белсенді жастар осындай іс-шараға атсалысып, өз көмектерін беріп келеді. Осымен біздер тоқтап қалмаймыз.