Қазақстан халқының саны 212 мың адамға өсті
1 қарашадағы жағдай бойынша халықтың саны 19 млн 715 мың 200 адам болды. Оның 62% жуығы қалада тұрса, 38% ауыл-аймақта өмір сүреді. Жыл басынан 1,1% өсім байқалады. Қаңтар-қазан айларында дүниеге 333 мың сәби келген. Бұл былтырғы жылдың көрсеткішінен 11% кем. Бала туу коэффицентіне тоқталсақ, мың адамға шаққанда 20 сәбиден келеді. Бұл ретте өлім-жітім көрсеткішінің де анағұрлым азайғанын айта кету керек. Он айда 112 мыңнан астам қазақстандық бақилық болды. Бұл былтырғымен салыстырғанда 27% аз.