Елімізде ғылыми жаңалық ашқан жастар көбейді
Батыл бастамаларға да ұйытқы болып жүрген солар. Мәселен, қарағандылық жастар стоматологиялық цемент өндірісін жолға қоймақшы. Ол тісті пломбалау үшін қолданылатын негізгі зат саналады. Жаңа инновациялық өнімді өндіруге кен орындарынан шыққан қалдықтар қолданылады. Аталмыш шикізат қоры елімізде жеткілікті. Жастардың тағы бір тобы өз аймағын дамытуды көзейді. Мәселен, Мадина Қабдрасылова қазір Өскемендегі алғашқы робототехника орталығын құрудың қамымен жүр.
Ерғали Жанықұлов, жобаны жасаушы топтың өкілі:
-Қазіргі күні стоматологияда қолданылатын пломбаның құны 8-15 мың теңге аралығында. Бір тіске кететін құны. Қазақстанда мүлдем жасалынбайды. Елімізде құнын арзандату мақсатында жасалынып жатыр.
Мадина Қабдрасылова, жоба авторы:
-Біздің орталығымызда айына кем дегенде жүз шақты бала оқиды. Сұраныс болып жатса одан да көбірек бала оқытамыз. Робототехника дегеніміз ол тек дайын нәрселерді құрастыра салмай логикалық ойлауына жақсы көмегін тигізеді.