Өңірлерде AMANAT партиясы филиалдарының жаңа төрағалары сайланып жатыр
Жиын барысында Бекзат Алтынбеков, ашық дауыс беру арқылы партия филиалының төрағасы болып сайланды. Ол бұған дейін филиалдың атқарушы хатшысы қызметін атқарған болатын. Ақмола облысында Айна Мысырәлімова, Павлодар облысында Илья Теренченко, Абай облысында Қуаныш Сүлейменов, Солтүстік Қазақстанда Әсем Рахметова, Шығыс Қазақстанда Сайрангүл Жұмаділова облыстық филиалдың төрағасы болды. Партияның Атқарушы хатшысы Асхат Оралов аманаттықтардың алдында демократиялық қағидаттарға негізделген Әділетті Қазақстанды құру міндеттері тұрғанын атап өтті.
Асхат Оралов, «AMANAT» Партиясының Атқарушы хатшысы:
-Ешқандай көзбояушылыққа, жасандылыққа жол бермеуіміз керек. «AMANAT» партиясының миссиясы да осында қазір. Нақты істердің, нақты адалдықтың, нақты қадамдардың уақыты келді деп есептейміз.