Шымкентте 1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Сатып алу құқығынсыз берілетін арендалық баспанамен тағы 500-ге жуық жас қамтылды. Сондай-ақ 360 азаматтың өтінімі комиссия қарауына ұсынылған. Мұны жергілікті әкімдік өкілдері мәлімдеді. Ал бюджеттік ұйым өкілдері мен мемлекеттік қызметшілер, толық емес отбасылар мен көпбалалы 52 азаматқа бір миллион теңгелік тұрғын үй сертификаты табысталған. Бұл қаржы мемлекеттік бағдарлама аясында салынған несиелік баспананың алғашқы жарнасын өтеуге беріледі.
Мақсұт Исахов, қала әкімінің орынбасары:
- Биылғы жылдың қорытындысымен біз Тұрандағы үйлерді тапсырып жатырмыз. Сосын қазіргі таңда Бозарақтағы үйлерге адамдар дәл қазір кіріп жатыр. Содан кейін Шымкент сидиде 4 үй. Оны да үлестірдік. Адамдар кірді. Кезекте тұрған адамдарды пәтермен қамтамасыз етіп, бітіру деген менің ойымша мүмкін емес. Өйткені жыл сайын азаймайды. Керісінше жыл сайын көбейіп жатыр. Қазіргі таңда 49 мыңға жуық адам кезекте тұр.