Елімізде генетикалық банк құрылады
Ол үшін дақылдардың генетикалық банкін құру басталды. Онда әлемдегі тұқымның барлық түрі сақталады. Осылайша керек кезінде өзіміге қажетті өнімді будандастыра аламыз. Бидайдың жаңа тұқым түрі қазірдің өзінде бар дейді.
Мамандардың есебінше қазір азық-түлік құнының 30 тіпті кей түрлері бойынша 50% тап осы тұқым бағасынан құралады. Өзімізде толық өндірмеген соң оны сырттан қымбатқа сатып алуға мәжбүрміз. Бізде айындалатыны дәнді-дақылдар бойынша небары 55-60%. Бұл ең үлкен жетістігіміз. Көкөністер тұқымы оданда төмен. Содан келіп импорттауға мәжбүрміз. Тек майлы дақылдың тұқымын алуға жыл сайын 14 млн доллар жұмсалады.
Дархан Балпанов, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ Басқарма төрағасы:
-Біздің ойымыз болды ғой басқа елден сатып ала саламыз керек болса деген сияқты қаражат болса. Көріп отырмыз кейбір елдер азық-түлік мәселесін мемлекеттік қару-жарақ ретінде қолдануыда мүмкін шынын айтқанда. Сіздерге тұқым береміз, сіздерге бермейміз деген сияқты.
Міне осыдан келіп бұл сұрақтың өзектілігі тағыда арта түсті. Саланы дамыту үшін Қазақстан жуырда Түркия ғалымдарымен әріптестік орнатты.
Серік Садықов, Агротехнологияларды трансферттеу және коммерциализациялау орталығының басқарма төрағасы
-Түркия бүгінде әлемдегі он үздік экспорттаушылардың қатарына кіреді тұқым бойынша. Бидай барлық ауылшаруашылық дақылдарынан. Біздің отандық сорттар шетелдік сорттармен салыстырғанда екі есе аз береді өнімділігін. Одан кейін құрғақшылыққа, ауруға төзімді емес. Бұл жағдайға көңіл бөліп жұмыс істеп жатқанымыз сол.
Анадолы елі осы мәселені шешуге қол ұшын беруге әзір. Негізі біздің агралық ғылым тым кенжелеп қалған деуге болмайды. Тек тамырына қайта қан жүргірту керек болып тұр.
Дархан Балпанов — «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ Басқарма төрағасы:
-Қазір құрғақшылық. Бізда Айна деген сорттың ішінде бір сорт бар. Бір топ ғалымдардың жасаған нәтижесі ғой. Он жылдық нәтижесі бір сортты шығарған. Соның ішінде африкадан әкелген бидайдың гені бар. Неге десеңіз ол құрғақшылыққа төзімді. Отводка тақырып өзгереді
Міне тағы бір нақты мысал. Түркістан облысында мақтаның жаңа сұрыпы дайындалды. Өнім зиянкестерге төзімді. Сондықтан химиялық қоспаны көп қолдану қажет емес. Сондай-ақ дақыл ерте піседі әрі әр гектардан 45-центнерге дейін өнім алуға болады.
Дархан Балпанов, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ Басқарма төрағасы:
-Біздің мақсатымыз 5-10 жылдық қаражат беру керек, тапсырма беру керек сонша сорт шығарасыздер деп. Әр облыстың бағыты бар. Бір облыста күріш, бір облыста мақта, бір облыста бидай. Екі облыста шемішке. Әрбір сортты бізде де егіп оның жақсы жағын алу керек. Ол бізге төзімді болмауы мүмкін. Бірақ жақсы бір гені болады тұздың мәселесін шешетін құрғақшылық, ауруға төзімді мәселесін.
Сөз басында генетикалық банк құрылып жатқанын айттық. Ол тек сырттан жаңа тұқым түрлерін әкеледі дегенді білдірмейді. Өзіміздің дәстүрлі тұқымдарда тереңінен зерттеліп, сапалы түрлері сұрыпталады. Барлық ген жинақталған соң өзімізді тұқыммен қамту, оның жаңа түрлерін шығаруға мүмкіндік артады. Ал оны іске асыруға болатын елімізде 12 ғылыми орталық, 14 тәжрибелік станция бар. Тек тиісті заңдық әрі қаржылық қолдау көрсетілсе болғаны.
Авторлары: Ердәулет Ыбырайұлы, Азамат Саметов