ІІМ: Шетелдік көліктерді тіркеу 23 қаңтардан басталады
Ал оның заңды күшіне енуіне 10 күн уақыт керек. Автокөлігін заңдастыру үшін қазақстандықтар «Электронды үкімет» порталы немесе мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы құжат тапсыра алады. Ал оған автомобильдің техникалық паспортынан бөлек, сату және сатып алу жөніндегі келісімшарт қажет. Президент пәрменімен жасалып отырған бір реттік жеңілдік осы жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады. «Полицейлер заңдастыру барысында алаяқтыққа жол берілмейді», – дейді.
Қайсар Сұлтанбаев, ҚР ІІМ ӘПК төрағасының міндетін атқарушы:
- Біздің сол тіркеу пункттерінде арнайы полиция қызметкерлері эксперт-криминалистер болады. Олар автокөліктің нөмірлерін, автокөліктің бөлшектерінің нөмірлерін, содан кейін барып әрбір құжаттың заңды немесе заңды еместігін тексеретін болады. Сондықтан заңсыз жасалған құжаттар біздің тіркеуден өте алмайды.