Қарағанды облысында күн суытқалы бері үсік шалғандардың саны артты
Тек биылғы жылдың 12 күнінде 13 адам үсіп қалған. 6 адамның кей дене мүшесін ампутациялауға тура келген. Дәрігерлер үсіп қалғандардың көбі ішімдікке жақын екенін жасырмайды. Абырой болғанда биыл үсік шалғандардың арасында балалар жоқ.
Ерік Шонбаев, облыстық травматология орталығының бөлім жетекшісі:
- Былтыр 12 күнде бізге 10 адам келген болса, биыл 13 адам келді. Пациенттердің көбі уақыт өткізіп алады. Яғни 3-4 күннен кейін жанына батып ауырған кезде емханаға қаралады. Салдарынан хирургиялық жолмен үсіген жерді алып тастаудан өзге амал болмайды.