Алматыдағы Gate City шаһарының құрылысы 2024 жылдың соңында аяқтау жоспарланған
Оның жұмысымен Премьер-министр танысты. Сондай-ақ Әлихан Смаилов Алматы облысындағы сапар барсында жалпы ұзындығы 66 шақырым болған Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының жағдайымен танысты. Сонымен қатар Үкімет басшысы Қонаев қаласындағы жылумен жабдықтау ұйымына да барды. Өңірде жылу энергиясын тұтынуға сұраныстың өсуін ескере отырып, жылу көздерінің қуатын арттыру мәселелерін пысықтау қажет, деген тапсырма да берді.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
-63 мектеп салынады. Тағы 9 мектепке қаржы керек дедіңіз. Бізде сыбайлас жемқорлыққа байланысты бюджеттен тыс қорымыз бар және оны қолдауға болады деп ойлаймын.