Әлеуметтік төлемдер мөлшері артты
Биыл бұл сома едәуір артып отыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрі мәлімдеді.
Тамара Дүйсенованың айтуынша, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді есептеу үшін қолданылатын табысты алмастыру коэффициенті 40-тан 45% артты. Бюджеттен төленетін зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшері 68 мың 200 теңгеден 77 мың 400 теңгеге өсті. Сондай-ақ мүгедектігі бар балалар үшін Мемлекеттік жәрдемақы мен бала тууға байланысты төлемдер де біршама артты. Айта кетейік, биылдан бастап бала тууға байланысты берілетін бір реттік жәрдемақы да артты. Сәби күтімі бойынша төлем мерзімі бір жылдан бір жарым жылға дейін ұзартылды.
Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
-50 жастан аса 964 мыңға жуық біздің азаматшаларымыз бар екен. Соның ішінде 325 мыңы жұмыс істемейтіндер.Осы азамташалар үшін 131 млрд қаражат бөлдік. Сондықтан Мемлекет тарапынан ашылатын жұмыс орындарына негізінен жұмыс істемейтін азаматшаларды тартуды қарастыратын боламыз.