Жетісу облысында газ баллонының жарылуы жиіледі
Салдарынан екі адамды күйік шалып, бірнеше баспана бүлінген. Оқыс оқиғаға тұрмыста жиі қолданылатын 5 литрлік газ баллонын дұрыс пайдаланбау себеп. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері жаппай қауіпсіздік талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жалпы облыс бойынша жылу беру маусымы басталғалы 95 нысан өртеніп, 4 адам қаза тапқан.
Алмас Смағұлов, облыстық ТЖД басқарма басшысының орынбасары:
-Күннің күрт сууы кезінде газ баллондарды қолдану бойынша ережерлері түсіндіріліп жатыр. Атап айтатын болсақ күннің суық кезінде сыртта сақтап ішке кіргізіп, жылы жерге қоймау, пештің жанына қоюы мүмкін. Су құйып, басқа да жалынды оттың әсерінен температураның күрт өзгеруіне байланысты осындай жағдайлар болып жатыр.