Мыңға жуық қазақстандық интернет алаяқтарға алданып қалған
Мәселен, осы айда елорда тұрғыны жұмыс істемейтін инвестициялық компанияға 20 млн теңге салып, ақшасы мен пәтерінен айырылды. Ал алдауға сеніп, «онлайн несие рәсімдеу» бойынша өткен жылдың өзінде 3 мың оқиға тіркелген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Өткен жылы жалпы саны 20 мыңнан астам интернет алаяқтық оқиғасы болды. Айта кетейік жыл соңында Украинамен бірлескен ұлттық полицейлер алаяқтыққа барған 32 Украина азаматын қолға түсіріп, 40 компьютерлік техниканы тәркіледі.
Арман Оразалиев, ҚР ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары:
- Құқық қорғау органдары арнайы операцияларды телефон арқылы ешқашан жүргізбейді, соны біліңіздер. Тексерусіз алдын ала төлем жүргізбеңіз. Көбінесе алаяқтар төлем жасау үшін фишингтік болып табылатын сілтеме бойынша өтуді ұсынады. Өз шоттарыңыздағы ақша қозғалысын жиі тексеру керек.