Петропавлдағы 85 ауылды су басу қаупі бар
Себебі күн күрт жылса, олар су астында қалуы мүмкін. Өңірде биыл қар аз болғанымен, ондағы су қоры мол. Сондықтан жердің қабаты 1,5 метрге дейін қатып қалған. Қазір мамандар Есіл өзенінде мұздың қалыңдығын өлшеп жатыр. Кей жерлерде ол 80 сантиметрге дейін жеткен. Яғни жылдағы көрсеткіштен жоғары. Мұнымен қоса, Қазгидромет қызметкерлері ақ ұлпаның деңгейін тексеруде. Жалпы қазір өңірде 19 гидрологиялық бекет жұмыс істеп тұр.
Қымбат Мерғалимова, «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының директоры:
-23-імен 26 қаңтар аралығында біздің қызметкерлер бұл жұмыстарды жалғастыратын болады. Бүгінгі күні қардағы су қорының мөлшері орташа көпжылдық көрсеткіштен 15% жоғары екенін аңғаруға болады.