Шымкентте жұмыс беруші 76 кәсіпорынға 21 млн теңге айыппұл салынды
2-3 ай бойы еңбек ақыларын ала алмаған құрылыс және сауда саласының қызметкерлері қалалық Мемлекеттік Еңбек инспекциясы басқармасына шағымданған. Өткен жылы қадағалаушы орган өңірдегі кәсіпорындарға арнайы тексеріс жүргізген. Олардың 240 млн теңге берешек екені анықталды. 4 компания қарызын әлі күнге өтемеген.
Бауыржан Қалжанов, қалалық Мемлекеттік Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы:
-4 компания 96 қызметкеріне 17 млн 300 мың теңге көлемінде жалақы қарызы бар. Оның бір компаниясы сот процесі соңына жеткендіктен осы айдың соңына дейін жабады деп күтудеміз. 21 қызметкердің алдында 7,9 млн теңге жалақы қарызы жинақталып отыр.