Оралда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі әр бағыт бойынша өткізілмек
Аспаз, даяшы, әкімгер сияқты мамандарға сұраныс жоғары. Сонымен қатар жәрмеңке алаңында «Жастарға кеңес» бұрышы жасақталып, мамандық, бизнес және заң шеңберінде ақпараттар берілді. Шаһарда жұмыссыз және еш жерде кәсіби білім алмаған жастардың үлесі 2,1% шамасында.
Виолета Монжу, колледж студенті:
-Мен дәл осы сала бойынша кәсіби білім алып жатырмын. Тағам дайындағанды ұнатамын. Биыл оқуды тәмамдаймын. Сабақпен қатар алып жүруге қолайлы жұмыс іздеп келдім. Былтыр жазда дәмханада қызмет атқарған едім.
Нұргүл Тұрғанбаева, дәмхананың меңгерушісі:
-Біздерге қазіргі таңда керегі аспаздар және даяшылар. Ылғи керек болып тұрады, өйткені жастар біреу оқуда болады, біреуі денсаулығына байланысты шығып кетеді. Еңбекақыны айына екі рет алады. Орташа 150 мың теңгеден көп алады.