Биыл 560 мыңнан аса бала тегін үйірмеге барады
Биыл 560 мыңнан астам баланы тегін спорт секциясымен немесе шығармашылық үйірмемен қамту жоспарланып отыр. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов айтты. Министрдің сөзінше, былтыр тегін үйірмеге 402 мыңнан астам бала іліккен. Сондай-ақ қазір министрлікте спортты дамытуға арналған жаңа тұжырымдама әзірленуде. Заң жобасында балалар спортын дамыту мәселесіне ерекше назар аударылады.
Асхат Оралов, ҚР Мәдениет және спорт министрі:
-Осы жылғы жоспар бойынша 560 мыңнан баланы қамтамасыз етеміз деген жоспарымыз бар. Оған жергілікті атқарушы мемлекеттік мекемелер тарапынан 86,7 млрд теңге бөлінген болатын. Ендігі кезекте ортақ жауапкершілік ретінде біз орталық мемлекеттік мекемелерін, жергілікті атқарушы биліктің өкілдерін және үкіметтік емес ұйымдардың, жалпы спорт жанашырларын бірлесіп жұмыс атқаруға шақырамыз. Өйткені бұл үлкен жауапкершілік.