Ақмола облысында 128 елді мекенді су басу қаупі бар
Облыс бойынша қыс басталғалы 255 мың текше метр қар шығарылған. Синоптиктердің мәліметінше, өзен-көлдердегі қатқан мұздың қалындағы 91 сантиметрге дейін жеткен. Жалпы өңірде су басу қаупі төніп тұрған аудандардың бірі — Атбасар.
Қайрат Қасым, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
-Өзен маңында тұратын тұрғындар салынып жатқан жаңа 20 пәтерлі тұрғын үйге көшіріледі. Ал жақын күндері өзенде мұз жару жұмыстары жоспарланған. Әзірше онда ешқандай қауіп жоқ.