Соңғы үш жылда Ақмола облысындағы 85 ауыл қайта түледі
Бұл мақсатқа «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 27 млрд теңге бөлінді. Облыс орталығынан шалғай орналасқан елді мекендер басты назарда. Жалпы жоспар бойынша өңірдегі 294 ауылды қамту қарастырылған. Соның 50-ге жуығында жұмыс осы жылы басталмақ.
Азамат Байқуанышев, облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім басшысы:
-Осы жылға 12 миллиард теңге бөлінген. Яғни 52 ауылда 79 жоба жүзеге асырылмақ. Атап айтсам, 24 әлеуметтік нысанға жөндеу жүргізіледі. 110 шақырым жол жаңартылып, 5 ауылға ұзындығы 124 шақырым су құбыры тартылады.