Павлодарда кәсіпкерлерді сан соқтырып кеткен алаяқ ұсталды
Ол Успен ауданының тұрғынына күнбағыс тұқымын жеткізіп берем деп, ақшасын алып, із-түссіз кеткен. Жергілікті кәсіпкер 28 миллион теңгесінен айырылып қалғаннан кейін, полицияға шағымданған. Әккі алаяқ мұнымен қоймай, Ресейдің Барнауыл қаласында тұратын тағы бір кәсіпкердің қоймадағы бидайын сыпырып кеткен. Келтірілген шығын 24 млн теңге. Күдікті қазір тергеу изоляторына қамалды. Өңірде осыған ұқсас 7 дерек тіркелген. Қазір Қылмыстық Кодекстің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.