Хабар телеарнасы

Ақтөбе полицейлері 33 адамды қар құрсауынан құтқарды

Ресей азаматтары мінген екі бірдей шағын автобус өткен түнде Қарабұтақ пен Комсомол елді мекендерінің арасында тұрып қалған. Жол бойын бақылап жүрген инспекторлар жолаушыларды қауіпсіз жерге жеткізді. Тәжікстаннан Ресейге бет алған көлік ішінде 3 бала мен 4 әйел болған. Барлығы Комсомол ауылындағы мешітке жайғастырылып, көліктері елді мекенге жеткізілді. Соңғы тәулікте облыс төңірегінде әлсін-әлсін қар жауып, боран күшейіп тұр.